НАШ АДРЕС
РЕЖИМ РАБОТЫ
ПН-ПТ: 09:00 до 18.00

Компания туралы


APS Investment қызметінің негізгі түрі қалқалар мен шатырларды дайындау және сату болып табылады. Бұл бағыт құрылыстағы жаңа технологияларға жатқызылады және орнату жеңілдігімен және оңайлығымен, шағындығымен, модульділігімен, сейсмотұрақтылығымен және бірегей сәнділігімен ерекшеленеді.

Компанияның серіктестері текстильді сәулет саласындағы әлемдік көшбасшылар: Ferrari (Франция), Losberger (Франция, Германия), Membranbau (Швейцария), Vector Foiltec (Германия) т.б.

Қалқалар келесі түрдегі құрылыстарда кеңінен қолданылады:

• спорттық құрылымдар: жабық стадиондар, трибуналар, мұз айдындары, бассейндер, теннис корттары, фитнес-клубтар және т.б..
• өндірістік, қойма және кеңсе ғимараттары
• паркингтер
• әр түрлі техникаға арналған тұрақтар
• жылдам кеңейтілетін госпитальдар, шатырлар
• мейрамханалар мен дәмханалардың жазғы терассалары
• Шапито цирктері
• сонымен қатар, ашық алаңдарда қоғамдық, ұжымдық және отбасылық шараларды өткізу.

Қалқаларды дайындап, сатқаннан кейін компания мерзімді түрде құрылымдарға техникалық тексерістер жүргізеді және сатудан кейінгі/сервистік қызмет көрсетеді.

Қалқалардың артықшылықтары:

• заманауи сәулет
• бірегей форма және жоғары талғам
• орнату жылдамдығы мен жеңілдігі
• мобильділік: бірнеше рет құрастыру/бұзу мүмкіндігі
• модульділік
• температура ауысуына тұрақтылық
• сейсмотұрақтылық
• жабынның тұтас бетін табиғи жарықтандыру
• материалдардың жоғары сапасы

Қазақстанда алғаш рет компания қалқалар, шатырлар мен жабындарды, арнайы құрылғылар мен ашық алаңдарда әр алуан шараларды өткізуге арналған түрлі арнайы әсерлерді жалға беру бойынша қызметтер ұсынады.

Заказать консультацию

Наши менеджеры проконсультируют вас по телефонам:
+7 (727) 313-23-25, +7 (727) 313-23-26, +7 (727) 313-23-27,
+7 (727) 313-23-28

Или вы можете оставить свои контактные данные и с вами
свяжутся в самый кратчайший срок.