НАШ АДРЕС
РЕЖИМ РАБОТЫ
ПН-ПТ: 09:00 до 18.00

KOMPAN (Компан) балаларға арналған ойын құрылғылары


Біздің компания Орта Азия аумағындағы KOMPAN компаниясының ресми дистрибьюторы болып табылады. KOMPAN – бұл балалар спорттық және ойын құрылғыларын дайындаумен және шығарумен айланысатын фирма. Ол 1970 жылы құрылған және бүгінгі таңда барлық жас топтарына арналған инновациялық ойын және спорттық шешімдер саласында әлемдік маманға айналған. KOMPAN – бұл штаты дүние жүзі бойынша 700 астам адамды қамтитын ауқымды компания. Компанияның штаб-пәтері Данияда орналасқан, ал кеңселері мен сауда өкілдіктері Еуропада, Солтүстік Америкада және Оңтүстік-Шығыс Азияда орналасқан.

Ойын – әлемдегі ең табиғи нәрсе. Ол балаларға өсуге, оқуға және осы үдерістер рахаттануға мүмкіндік береді. Балалар бірге ойнаған кезде жақсырақ оқып үйренеді.

Сол себепті KOMPAN белсенді түрде ойынға арналған мүмкіндіктер жасауға тырысады. Балалар қайта оралғысы келіп тұратын ойын аймақтарын жасайды. Балалар тек қол-аяқтарын ғана емес өздерінің зияткерлік әлеуеттерін де дамыта алатын алаңдар жабдықтайды. Осы мақсатта KOMPAN ойындар институты ойындар және балаларды дамыту бойынша халықаралық мамандардың тұтас желісін қамтиды және олар ақпараттар мен тәжірибелерін, ең бастысы идеяларымен алмасады. Мұндай зерттеулердің нәтижелері инновациялық өнімдерді және ойын алаңдарының жаңа дизайнын жасауда, болашақ ойын тұжырымдамаларын әзірлеуде пайдаланылады.KOMPAN болашақта да өз өнімдерімен дүние жүзіндегі балаларды, жасөспірімдерді және ата-аналарды қайта-қайта қуанта бермек.

Ойын аймақтары – бұл кез келген ауданның маңызды бөлігі. Сіздің ауданыңыз адамдар бос уақытын қызықты өткізе алатын ашық және қызықты орынға айналуы мүмкін. Олар аудандарын мақтан ететін болады. Аудан барлық тұрғындары қамқорлық жасайтын тартымды аумаққа айналуы ықтимал.

Көптеген марапаттарға лайықты KOMPAN инновациялық өнімдер тобы қолданыстағы қоршаған ортаға сәйкес келетін және тұрғындар мен көршілердің кездесу мен қарым-қатынас орнына айналатын ойын алаңдарын жасайды. Біз мақсатты ойын алаңдарын (дайын ойынға арналған шешімдер) және алаңдардың жекелеген элементтерін ұсына аламыз. Үлкен әлемдік ойын және спорттық өнімдерге қол жетімділіктің арқасында біз кез келген жобаға қолдау көрсетіп, нақты қажеттіліктер мен тілектерді қанағаттандыра аламыз. KOMPAN пайдасына таңдау жасай отырып, сіздер өз аудандарыңызды қызықты және тартымды орынға айналдыра аласыздар.

Ұзақ қызмет мерзімі кепілдігі

Ойын аймағын дайындау салынған инвестициялар қайтарымын қамтамасыз етуі керек. Әрине, еш нәрсе мәңгілік болмайды, алайда, KOMPAN өнімдері ұзақ қызмет мерзіміне кепілдік беретіндей жасалады. Жеке сапа стандарттарынан басқа (өндіріс ISO 9001 және 14001 стандарттары бойынша сертификатталған) KOMPAN қосалқы бөлшектермен қамтамасыз ету, сервистік қолдау бойынша жан-жақты бағдарламалар мен кепілдіктерді ұсынады.

KOMPAN негізгі артықшылықтары:

• 20 жылға дейінгі кепілдігі бар жоғары сапа
• эстетикалық құндылық
• қауіпсіздік
• өнім халықарылық ISO 9001, ISO 14001 және EN1176 стандарттар бойынша патенттелген және сертификатталған
• 2.500 астам аталым
• өнімдердің көпшілігін мүмкіндігі шектеулі балалар пайдалана алады
• алаңдарды ғимарат ішінде, далада және ғимарат шатырында орнату мүмкіндіктері
• KOMPAN құрылғылар өндірісінде жеке ОЙЫН ИНСТИТУТЫНЫҢ ғылыми зерттеулеріне сүйенеді.

Каталоги KOMPAN:

Обзор Продукции КОМПАН 
Мировые примеры КОМПАН 
Оборудование КОМПАН - Спорт и Фитнес
Электронное оборудование КОМПАН - ICON

 

Заказать консультацию

Наши менеджеры проконсультируют вас по телефонам:
+7 (727) 313-23-25, +7 (727) 313-23-26, +7 (727) 313-23-27,
+7 (727) 313-23-28

Или вы можете оставить свои контактные данные и с вами
свяжутся в самый кратчайший срок.