НАШ АДРЕС
РЕЖИМ РАБОТЫ
ПН-ПТ: 09:00 до 18.00

Арнайы өнімдер


Әскери бағыттағы және құтқарушылық мақсатындағы өнімдер.
Біздер ұсынған композитті материалдардың қолдану спектрі кең, оның ішінде әскери бағытта және ТЖ құтқару мақсатына арналған түрлері бар. Біз, сіздерге жоғары сапалы қалқалар, модульдік жабындар, жүк көліктеріне арналған қалқалар, ұшақ тұрақтарын, палаткалар, ауыз су және ЖЖМ сақтауға арналған цистерналар ұсынуға қуаныштымыз. НАТО талаптары мен стандарттарына сәйкес: тегіс жабын, түнде көруге арналған құралдарға көрінбейтін стандартқа сәйкестендірілген түстер.

МОДУЛЬДІК ЖАБЫНДАР қоймалар, гараждар мен цехтарға арналған. Модульді құрастыру іргетасты талап етпейді.


Әуе техникаларын жабуға, сақтауға және тұмшалауға арналған ҰШАҚ ТҰРАҚТАРЫ. Ұшақ тұрақтары жанбайтын қалқамен керілген болат құрылымдардан жасалған, бұл оларды саңылаусыз, сейсмотұрақты етуге мүмкіндік береді және 205 км/сағатқа дейінгі жел жылдамдығына төзе алатындай болады.
Минималды қызмет мерзімі - 15 жыл. Сонымен қатар, АУА ӨТПЕЙТІН ҰШАҚ ТҰРАҚТАРЫНжеткізу мүмкіндігі де бар, бұл құрылымдар – толықтай саңылаусыз болып жасалады және мұнда ауа ылғалдылығы қадағаланады.


АУА СҮЙЕНІШТІ ҚҰРЫЛЫМДАР – жоғары сапалы қалқа материалдарынан жасалады. Аталмыш құрылымдардың тіреуіші желдеткіштер айдайтын ауа болып табылады. Аталмыш құрылымдарға кіру және шығу ауа аулағыштар арқылы мүмкін болады және олардың өлшемдерін адамдар үшін де, ірі ауқымды көліктер үшін де сәйкестендіруге болады.


TAG ТИПТІ ПАЛАТКАЛАР. Стандартты үрмелі палаткаларды бірнеше минут ішінде екі адам құра алады. Олар төтенше жағдайларда баспана жасау үшін арналған. Қаңқасы үрмелі аркалардан және алюминий түтіктерден (кергіш) құралады. Мұндай құрылым қысқа уақыт ішінде үлкен алаңдарды жабдықтауға мүмкіндік береді. Палаткалардың есіктері мен терезелері, шоғырсымды желдету арналары болады. Палаткалар арнайы тасымалдау қапшықтарына салынған.


ДЕЗАКТИВАЦИЯЛЫҚ ДУШ. Жүйе суды ұстап тұруға арналған күмбез түрінде дайындалған.


ПАЛАТКАЛАР. Қаңқасы гальваникалық болаттан жасалған. Қалқа едені мен қабырғалары толықтай саңылаусыз кеңістік болып табылады. Радарлы станциялар зертханалары, медициналық пункттер және т.б. арналған. Жылыту және желдету жүйелерімен де жабдықтау мүмкіндігі бар.


СҰЙЫҚҚОЙМАЛАР – ауыз суды, дизельдік отынды, бензинді сақтауға арналған. Ыдыстардың қабырғалары жоғары сапалы қосарлы полиэстер матадан жасалған, ол сыртынан – сыртқы климаттық жағдайлардан; ішінен өнімдердің бұзылуынан сақтайды.


КАМУФЛЯЖ –желі визуалды және инфрақызыл анықтаудан қорғайды. Ол термиялық желімдеу арқылы тоқылған, бұл оған айрықша беріктік береді. Жинақтамаға тасымалдау қапшығы енеді.


 

Заказать консультацию

Наши менеджеры проконсультируют вас по телефонам:
+7 (727) 313-23-25, +7 (727) 313-23-26, +7 (727) 313-23-27,
+7 (727) 313-23-28

Или вы можете оставить свои контактные данные и с вами
свяжутся в самый кратчайший срок.