НАШ АДРЕС
РЕЖИМ РАБОТЫ
ПН-ПТ: 09:00 до 18.00

Аспалы төбелер


Ferrari® фирмасының «Batyline» керілген төбелері құрылымы жағынан торға ұқсайтын өте тығыз жабыннан жасалады. «Batyline» матасы қалың полимерлі жіптер тоқымасы түрінде болады және өрт және экологиялық қауіпсіздік талаптарына толықтай сәйкес келеді. Бұл материал құрамында адам денсаулығына зиянды заттар жоқ және ол қоршаған ортаға қатысты бейтарап болып келеді.


 «Batyline» керілген төбелері– ең күрделі дизайнерлік ойларды жүзеге асырудың бірегей шешімі болып табылады және ауданы үлкен ғимараттар төбелерін әрлеуге пайдаланылады: спорт залдары, бассейндер, қонақ үйлер, әуежайлар, сауда орталықтары және тұрақтар. Ғимаратта айрықша акустикалық жағдай жасау қажет болғанда, ішкі көріністі түрлендіру немесе дизайнды жандандыру қажет болғанда – таңдау айқын. Түстердің әр алуандығынан басқа материалды әр түрлі бейнелерге жағу мүмкіндігі бар, бұл бірегей визуалды әсерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Ұзақ уақыт бойы бұл төбелер өзінің бастапқы қасиеттерін сақтап тұрады және оңай жуылады, зең түзілуіне ұшырамайды.

Материалды үлкен және күрделі нысандарға орнатуға болады, оның пайдалану сипаттамалары барлық пішіндер мен құрылымдарға сәйкес болады. Арнайы бекіту жүйесі кез келген өлшемдегі алаңдарды күрделі қосымша құрылымдар салмастан жабуға мүмкіндік береді, сонымен қатар, ішкі көрініс шешімдеріне кең мүмкіндіктер ашады: көп деңгейлі керілген төбелер жасау мүмкіндігі, қызықты жарық әсерлері, ерекше түстер мен пішіндер – мұның барлығы «Batyline» керілген төбелерінің арқасында мүмкін болады.

Материал беріктігінің жоғары болуымен және төмен температураға тұрақтылығымен ерекшеленеді. Сол себепті оны көшеде, террасада және балконда пайдалануға да болады.

Артықшылықтары:

• Өлшемдерінің тұрақтылығы және шекті икемділік
• Теңдессіз механикалық беріктік 
- 8 тн/м
• Саңырауқұлаққа қарсы жабын – материал микроағзаларға тұрақты
• Ылғалдылығы жоғары ортаның әсеріне тұрақтылық
• Жылдам кебуді қамтамасыз ететін бірқалыпты кеуектілік
• Ауаның тиімді айналымына арналған желдету құрылымы
• Ғимараттың акустикалық сипаттамаларын жақсарту үшін қолдану
• Мата салмағының төмендігінің пайдалануды жеңілдетуі
• Ультракүлгін әсерге тамаша тұрақтылық
• Әрлеушілерге шығармашылық еркіндік
• Қолайлы және қарапайым пайдалану

Заказать консультацию

Наши менеджеры проконсультируют вас по телефонам:
+7 (727) 313-23-25, +7 (727) 313-23-26, +7 (727) 313-23-27,
+7 (727) 313-23-28

Или вы можете оставить свои контактные данные и с вами
свяжутся в самый кратчайший срок.